Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына 2022 жылғы 3 тоқсанда келіп түскен және қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы мәліметтер

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына 2022 жылғы 3 тоқсанда келіп түскен және қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы мәліметтер

2022 жылдың 3 тоқсанында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ-ге барлығы 281 өтініш түсті.

Негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы мен жер қатынастарының әртүрлі мәселелері бойынша:

  • мал шаруашылығын субсидиялау бағдарламасы бойынша – 20;
  • арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі операторлар тізіміне енгізу бойынша, техникаға ауыртпалықтардың болуы/болмауы, техниканың болуы/болмауы туралы анықтамалар беру – 150;
  • инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау мәселелері бойынша – 2;
  • қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялау мәселелері бойынша – 1;
  • тыңайтқыштар мен пестицидтерді субсидиялау, егіс алқаптарын беру мәселесі бойынша – 37;
  • сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мәселелері бойынша – 2;
  • дивидендтер төлемеу, шартты жер үлесіне құқығынан айырылу, жайылымдардың жетіспеушілігі бойынша – 69.

Барлық өтініштерге қолданыстағы заңнама шеңберінде уақтылы жауаптар беріледі. Мерзімін бұзып қаралған өтініштер жоқ. Өтініштердің негізгі бөлігі бастапқы сипатқа ие, қайталанған өтініштер жоқ.