«Мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жеткiзу жөнiндегi операторларды анықтау кезiнде заңнаманы сақтау» тақырыбында аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмдерiнiң жергiлiктi атқарушы органдарымен кеңес

«Мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жеткiзу жөнiндегi операторларды анықтау кезiнде заңнаманы сақтау» тақырыбында аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмдерiнiң жергiлiктi атқарушы органдарымен кеңес

Басқарма аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарымен ауыл шаруашылығы бөлiмi мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жеткiзу бойынша операторларды анықтау кезiнде Қазақстан Республикасының бәскелестiктi қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеуге қатысты кеңес өткiздi. Кеңес барысында мәселелер қаралды:

  1. Кәсiпкерлiк кодекстiң 163-бабы 4-тармағына сәйкес экономиканың тиiстi салаларында экономиканың тиiстi салаларында мемлекеттiк саясатты iске асыру кезiнде бәсекелестiкке терiс әсер ететiн әрекеттердi (әрекетсiздiктi) жасамауға бәсекелестiктi дамыту бойынша ұсыныстар енгiзедi;
  2. нарықтың жаңа субъектiлерi үшiн мемлекеттiк қолдау шараларына қол жеткiзудi шектеуге жол бермеу, сондай-ақ нарық субъектiлерiне жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау шараларына тең қол жеткiзудi ұсыну тұрғысынан арзандатылған дизель отынының көлемдерiн бөлу мәселесi;
  3. Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына, атап айтқанда, Кәсiпкерлiк кодекстiң 194-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген бұзушылық белгiлерiне нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да артықшылықтар беру бөлiгiнде жол бермеу қағидаттарына негiзделедi;
  4. арзандатылған дизель отынын тиiстi әлеуеттi операторларының мүмкiндiктерi тең болған кезде (сақтау орындарының саны, берешектердiң болмауы, жеткiзудiң белгiлi бiр кепiлдiктерiнiң болуы) әрбiр әкiмшiлiк ауданның шекараларында арзандатылған дизель отынын тең шамада бөлу.