АӨК субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау қағидаларының тетiгi

АӨК субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау қағидаларының тетiгi

Қарыздарға кепiлдiк беру құралы кепiлмен қамтамасыз ету жеткiлiксiз болған кезде екiншi деңгейдегi банктерден қарыз алу кезiнде агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн қолдауға бағытталған.

Осы схема бойынша кредиттердi iшiнара кепiлдiктi қамтамасыз ету осы бағдарлама бойынша «Даму» КДҚ» АҚ айқындаған кепiлгер есебiнен жүзеге асырылады.

Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерiне кепiлдiк беру мынадай негiзгi шарттарда жүзеге асырылады:

  • Кредиттiң ең жоғарғы сомасы 5 млрд. теңгеге дейiн.
  • Кепiлдiк мөлшерi негiзгi борыш сомасынан 50%-ға дейiн, бiрақ 1,5 млрд.теңгеден аспайды.
  • Жобаны енгiзгенге дейiн басым инвестициялық жобалар бойынша кепiлдiк мөлшерi 85%. Жоба пайдалануға берiлгеннен кейiн кепiлдiк мөлшерi стандартты шарттарға дейiн төмендетiледi (5 млрд.теңгеге дейiнгi кредиттерге 50%).
  • Кепiлдiк үшiн Комиссия кепiлдiк мөлшерiнiң 30%-ын құрайды, оның iшiнде:
  • 29,9% облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы төлейдi;
  • 0,1% қарыз алушы-агроөнеркәсiптiк кешен субъектiсi төлейдi. ЕДБ кредиттерiне кепiлдiк беру мынадай негiзгi шарттарда жүзеге асырылады:

Мемлекеттiк қолдаумен кепiлдiк беру жүйесiнiң мынадай оң жақтары бар:

  1. Бюджет шығыстары экономикалық өсiммен, жаңа жұмыс орындарын құрумен және табысты жобалардан түсетiн салық түсiмдерiмен өтеледi;
  2. қарыз алушылардың белгiлi бiр санаттары бойынша жеке кредиторлар қабылдайтын тәуекел iшiнара кепiлдiкпен жабылады;
  3. осы модельде жеке сектордың тиiмдiлiгi және клиенттердiң неғұрлым тәуекелдi санаттарымен жұмыс iстегенi үшiн мемлекеттiң сыйақы төлеуi үйлестiрiледi.

Кепiлдiктiң 50 (елу) пайызына дейiнгi комиссияның бiр бөлiгiн субсидиялау мынадай қызмет түрлерi бойынша жүзеге асырылады:

  • өсiмдiк және мал шаруашылығы және осы салаларда қызмет көрсету;
  • балық шаруашылығы;
  • еттi қайта өңдеу және консервiлеу және ет өнiмдерiн өндiру;
  • балықты, шаян тәрiздiлердi және моллюскаларды өңдеу және консервiлеу;
  • жемiстер мен көкөнiстердi қайта өңдеу және консервiлеу;
  • өсiмдiк және жануарлар майлары мен тоң майларын өндiру;
  • сүт өнiмдерiн өндiру;
  • ұн-жарма өнiмдерiн, крахмалдар мен крахмал өнiмдерiн өндiру;
  • нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлiк өнiмдер өндiрiсi;
  • өзге де тамақ өнiмдерiн өндiру;
  • жануарларға арналған дайын азықтарды өндiру.

Жоба пайдалануға берiлгенге дейiн басым инвестициялық жобалар бойынша кепiлдiк мөлшерi 85 (сексен бес) пайыздан аспайды. Басым инвестициялық жобалар тiзбесiне мыналар кiредi:

  • сүт-тауар фермалары;
  • етке құс өсiру;
  • қарқынды көгалдандыру;
  • жылыжайлар;
  • қант қызылшасын өсiру және қызылша қантын өндiру;
  • жарма өндiрiсi;
  • көкөнiстер мен жемiстердi қайта өңдеу;
  • өсiмдiк майын және (немесе) май-тоң май өнiмдерiн өндiру;
  • картоп және (немесе) көкөнiс өнiмдерiн өсiру (асханалық сәбiз, басты пияз, ақбас қырыққабат);
  • құс шаруашылығында асыл тұқымды репродуктор салу.

Бұл тетiк Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығымен бекiтiлген АӨК субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау қағидалары негiзiнде жүзеге асырылады.