Хабарландыру

Хабарландыру

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ келесiнi хабарлайды:

Бюджеттi нақтылау кезiнде 2021 жылғы 1 тоқсанда республикалық бюджет комиссиясының 2021 жылғы 20.04. № 9 шешiмi бойынша 250/113 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттерiне нысаналы трансферт және Ұлттық қор есебiнен ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезiнде сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша қабылданған мiндеттемелерге 2,3 млрд. теңге сомасында қосымша бюджет қаражаты бөлiнген болатын.

2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша мiндеттемелер бойынша босатылған бюджет қаражаты есебiнен кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингi, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау бойынша жаңа ұсыныстар беруге болады.