Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемiн ұлғайту

Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемiн ұлғайту

Ауыл шаруашылығы саласы — облыс экономикасының басты салаларының бiрi.

Жыл басынан берi ауыл шаруашылығы өнiмi 764 млрд. теңгеден астам сомаға өндiрiлдi (өсiм — 0,7%).

Бұл 2019 жылға қарағанда 152 млрд. теңгеге артық (612 млрд. теңге).

Жалпы өнiм көлемi бойынша облыс республикада екiншi орында, ауыл шаруашылығына инвестициялар көлемi бойынша бiрiншi орында (100,6 млрд. теңге).

Биыл солтүстiк қазақстандық агроқұрылымдар қолайсыз ауа райының жағдайында 4,5 млн. тонна астық жинап, өсiре алды.

Егiс алқаптарының 25% немесе шамамен 1 млн. га жоғары рентабельдi, экспортқа бағдарланған майлы дақылдарға бөлiндi, бұл 2016 жылғы егiс алаңынан 2 есе жоғары.

Қарақұмық егу 2,5 есеге (1,7 — ден 4,2 мың гектарға дейiн), бұршақ дақылдары үштен бiрге (41-ден 54 мың гектарға дейiн) ұлғайтылды.

Келесi жылы қарақұмық егу 8 мың гектарға жеткiзiледi.

Мал шаруашылығы саласында жыл басынан берi сүт өндiрiсi 5,4%-ға артты (567 мың тоннаға дейiн), ет 3,7%-ға (92 мың тонна).

Сүттi мал шаруашылығын дамыту үшiн ағымдағы жылы облыстың 6 ауданында 11 заманауи сүттi тауар кешенiнiң құрылысы жүргiзiлуде, олардың жалпы саны шамамен 6 мың басты құрайды.

Оның iшiнде, 5 жаңа ферма жұмысын бастауда — «Иван Зенченко» ЖШС (Аққайың ауданы), «Ноғайбай» (Мағжан Жұмабаев ауданы), «Қызылжар сүт» (Қызылжар ауданы), «Арна» ФШ (Айыртау ауданы), «Бүркiт» ӘКК (Уәлиханов ауданы). Сүт кешендерiнiң жұмысынан сүт өндiрiсi жылына 17 мың тоннаға артады деп күтiлуде.

Келесi жылы облыстың 8 ауданында тағы 16 ферма салу жоспарлануда (2020 жылдан бастап өтетiн 6 ферманы есепке алғанда).

Бұл ретте Тайынша ауданындағы 3 000 басқа арналған СТФ («ЕМС Агро фуд» ЖШС) елдегi ең iрi шаруашылықтардың бiрiне айналады.

Жобаларды iске асыруға 25 млрд. теңгеден астам инвестиция салынады, осы объектiлер толық қуатқа шыққан кезде қосымша 44 мың тоннадан астам сүт өндiрiлетiн болады және 270-тен астам жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

Сүт өнiмдерiнiң өндiрiсi тек арта түседi. Бiрiншi кезекте, «Маслодел» мен «Сүт одағын» жаңғырту есебiнен 8,6 млрд. теңгеге.

Бүгiнгi таңда «Маслодел» брендiнiң ультрапастерленген сүтiн өндiру және қаптау желiсi енгiзiлдi, қаймақ өндiру және қаптау желiсiн енгiзу 2021 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған.

Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейiн кәсiпорынның қуаты жылына 87-ден 119 мың тонна шикiзатқа дейiн ұлғаяды.

«Сүт одағына» (Германия мен Швейцариядан) iрiмшiк пен сүт өндiретiн жабдық тарды орнату жүргiзiлуде.

Осы жылы еттi мал шаруашылығында Уәлиханов және Ақжар аудандарында 13 мың орындық 2 iрi бордақылау алаңдарын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Еттi бағыттағы iрi қара мал басын көбейту үшiн 2020 жылы 2 400-ден астам бас әкелiндi.

Тайынша ауданында шошқа шаруашылығын дамыту үшiн «ЕМС-Агро» ЖШС шошқа кешенiнде қуатты 50 мың бастан 100 мың басқа дейiн ұлғайту және өндiрiстi жылына 10 мың тоннаға дейiн жеткiзу үшiн қосымша үй-жайлар салу бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдан бастап (мамырдан бастап) «ЕМС агро» ЖШС-де шұжық өнiмдерi шығарылады. Кәсiпорын өнiмнiң 35 түрiн шығарады (шұжық өнiмдерi — 24 атау, кәуап өнiмдерi — 7 атау, бұралған ет — 2 түр, сорпа жиынтығы — 2 түр), келесi жылы ассортименттi 48 өнiм түрiне дейiн кеңейту жоспарлануда.

Еттi құс шаруашылығын дамыту үшiн Петропавл қаласында «Петропавловский бройлер» ЖШС бройлерлiк құс фабрикасының құрылысы бойынша жобаны iске асыру басталуда.

«Bio Operations» зауытында биоэтанол өндiру желiсi iске қосылды. Инвестицияның жалпы сомасы 12,6 миллиард теңге. 500 адамға дейiн жұмыс iстейтiн болады.

2021 жылы Тайынша ауданында «Элеватор Тайынша» ЖШС базасында қуаттылығы жылына 100 мың тоннаға дейiн Құрама жем өндiретiн цех iске қосылады.

«РимКазАгро» ЖШС қияр мен қызанақ өсiру бойынша жаңа жылда жылыжай кешенiнiң құрылысына кiрiседi.

Биылғы жылдың үлкен жетiстiгi CLAAS компаниясымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсiптiк құрастыру туралы келiсiмге қол қою болды, ол тараптардың шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасын оқшаулау деңгейi мен өндiру көлемi бойынша өзара мiндеттемелерiн көздейдi.

Зауыт 2021 жылдың сәуiр айында пайдалануға берiледi және барлық әлемдiк стандарттарға сай болады.

Жобалық қуаттылыққа шыққан кезде кәсiпорын жылына 200 бiрлiк ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын болады.

Бүгiнгi таңда мемлекет агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту үшiн барлық жағдайды жасады және барлық белгiленген жоспарлар iске асырылатын болады.