Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ 10 жыл мерзiмге мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ хабарламаның (хабарлама) бiрiншi жариялымынан күнтiзбелiк отыз күн кезеңi бойынша конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталады. Өтiнiмдердi қабылдау күнiнен бастап 15 жұмыс күн iшiнде осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылданады. 2021 жылдың 25 қантардан бастап 2021 жылдың 12 ақпанын қоса өтiнiмдердi қабылдау жүзеге асырылады. Нәтижелердi шығарған күн конкурстың соңғы күнi болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi конкурстың нәтижесi шығарылады.

Конкурстың өтетiн орны және күнi, уақыты: СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесi, 56, 2-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң ғимаратында 2021 жылдың 15 ақпанда 18 сағат 00 минутта конкурстың нәтижелерi шығарылады.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немес фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексiнiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткiзедi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм мiндеттi түрде тiркеу нөмiрi берiлiп және өтiнiм берушiге хабарлама берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткiзгiште немесе «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы берiледi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы мәлiметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) үлестерiнiң мөлшерi көрсетiле отырып, өтiнiм берушiнiң — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, өтiнiм берушiнiң үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер;

2) жеке тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), тұрғылықты жерi, азаматтығы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, өтiнiм берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;

3) өтiнiм берушi үмiттенiп отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi;

4) конкурстық ұсыныс;

5)өтiнiм берушi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген шартты жасасу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасының уәкiлеттi өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста болу керек:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту iс-шараларын орындау жөнiндегi мiндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Конкурстық ұсыныс, беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

Талаптарына сәйкес келмейтiн, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдамай тастауға жатады.

Конкурстық өтiнiмдер «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жер қатынастары бөлiмi» КММ-не 2021 жылғы 12 ақпан 18:30-дан сағат кешiктiрмей, 150800, Солтүстiк Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесi, 31 мекенжайы бойынша қолма-қол, веб-портал арқылы немесе пошта арқылы берiледi.

Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстың нәтижелерi 2021 жылдың 15 ақпанда шығарылады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтердi және қосымша ақпаратты Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң www.mzh.sko.gov.kz, «Солтүстиiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы жер қатынастары бөлiмi» КММ www.ozo-mzh.sko.gov.kz сайтында немесе 8 (71531) 2-03-75, 8 (71531) 2-08-33, 8 (71531) 2-04-22 тел. бойынша алуға болады. 

Лот №

Алқаптардың құрамы

Алаңы, га

Бонитеттің орташа көтерілген балы

Жер учаскесінің орналасқан жері

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Сумен қамтамасыз етілуі

Өңірдің ауылшаруашылық мамандануы

1

егістік: өріс 5-9 - 8 га, табиғи жайылымдар: өріс 19 – 1 га, 20 - 15 га, Г-7 – 151 га, 21 – 74 га, Г- 3 – 46 га, 22 – 1 га, 23- 19 га, бұталар – 23 га, жолдар – 2 га

340

14

Аққайың ауылдық округі

кәдімгі чернозем

қанағаттанарлық

ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және мал шаруашылығын дамыту

2

шоғыры: өріс 1 – 12,6 га, 2-2 – 26,4 га, 2-4 – 15 га, 1 – 20,5 га, жақсартылған жайылымдар: өріс 6 – 44,3 га, 9 -39 га, кос18 – 6 га, 10 – 70 га, 11 - 43 га, 7 – 213 га, 5 - 17,6 га, кос3 – 2 га, 13 - 93 га, 14- 20 га, табиғи жайылымдар: өріс 3 - 57 га, жолдар – 3 га

682,4

32,3

Қарақоға ауылдық округі

кәдімгі чернозем

қанағаттанарлық

ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және мал шаруашылығын дамыту