
Жұмыс сапары барысында егіс науқанының ағымдағы қарқыны, аграрийлерді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ заманауи агротехнологияларды қолдану талқыланды. Жер ресурстарын тиімді пайдалану және агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Министр облыс аграрийлерімен кездесіп, саланың өзекті мәселелерін, ауыл шаруашылығын дамыту перспективаларын және ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шараларды талқылады.
Егістік алқаптарын әртараптандырудың маңыздылығы жеке атап өтілді, бұл өндіріс тиімділігін арттыруға, топырақ құнарлылығын сақтауға және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Сондай-ақ сапар аясында Айдарбек Сапаров «Salar Farm» ЖШС жоңышқа өндіру зауытының құрылысымен танысты. Жобаны іске асыру өңірдің қайта өңдеу әлеуетін кеңейтуге, қосымша жұмыс орындарын құруға және жемшөп өндірісін дамытуға жаңа серпін беруге мүмкіндік береді.