
Үкіметтің тапсырмасы бойынша Азық-түлік корпорациясы 2026 жылғы дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында форвардтық сатып алуға өтінімдер қабылдауға кірісті. Осы мақсаттарға шамамен 40 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттік қолдау шаруашылықтардың барлық санаттарына қолжетімді және жоғары маржалы дақылдар өндірісін ынталандыруға, соның ішінде жүгері өсіруді аванстандыруға бағытталған.
Бағдарлама шарттарына сәйкес аграршылар егіс науқаны басталғанға дейін алдын ала төлем алады, ал өнім жиналғаннан кейін нарықтық бағалар ескеріле отырып, қосымша төлем жасалуы мүмкін. Қаражатты әділ бөлу үшін барлық өтінімдер облыстық әкімдіктер жанындағы Үйлестіру кеңестері арқылы бекітіледі. Өнімді жеткізу франко-завод талаптарымен жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2026 жылға арналған алдын ала төлем мөлшері ҚҚС есебімен төмендегідей белгіленді:
жұмсақ және қатты бидай — 60 000 теңге/тонна;
арпа — 50 000 теңге/тонна;
жүгері — 50 000 теңге/тонна;
күнбағыс — 100 000 теңге/тонна;
майлы зығыр және рапс тұқымдары — 100 000 теңге/тонна.
Астық пен жүгеріні жеткізу мерзімі 2026 жылғы 2 қарашаға дейін, ал майлы дақылдарды жеткізу 2026 жылғы 16 қарашаны қоса алғанға дейін жалғасады. Ауыл шаруашылығы өнімін жеткізу EXW талаптарымен орындалады