Облыс әкімінің орынбасары Қ. Дүзелбаевтың төрағалығымен Jiangsu Soho Zhongyin Development Co., LTD қытайлық компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

Облыс әкімінің орынбасары Қ. Дүзелбаевтың төрағалығымен Jiangsu Soho Zhongyin Development Co., LTD қытайлық компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

Аталған кездесу 2025 жылғы қараша айында облыс әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетовтың Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында басталған келіссөздердің заңды жалғасы болды.

Кездесуге кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, ауыл шаруашылығы басқармасының, сондай-ақ "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы мен "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның басшылығы қатысты.

Қытайлық тарапқа өңірдің инвестициялық әлеуеті жан-жақты таныстырылып, Тайынша ауданының бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндіктері ұсынылды. Тараптар экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және сыртқы сауда байланыстарын кеңейтуге өзара қызығушылық білдірді