Жамбыл ауданының Пресновка ауылында «Агротехника - Жамбыл» ЖШС-нің жаңа сүт-тауар фермасының салтанатты ашылуы өтті

Жамбыл ауданының Пресновка ауылында «Агротехника - Жамбыл» ЖШС-нің жаңа сүт-тауар фермасының салтанатты ашылуы өтті

Ферма 400 бас ірі қара малға (КРС) есептелген, жылына 2200 тонна сүт өндіруді жоспарлап отыр. Жобаға салынған инвестиция көлемі 2,4 миллиард теңгені құрады және 10 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бүгінгі таңда фермаға Даниядан әкелінген голштин тұқымды 195 бас жоғары өнімді сауын сиыр жеткізілді. Фермада заманауи жабдықтар орнатылған.

Ферманың ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді және ауылдық жерлердегі тұрмыс деңгейін жақсартады.