
Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бас сарапшысы Садуов Марат Ғазизұлының төрағалығымен "ХҚКО АШТМТ 2.0" АЖ бірыңғай цифрлық платформасы аясында ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу жүйесінің тұсаукесері өтті.