Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдениет саласы

Шымкент қаласының мәдениет және өнер саласы бойынша ақпарат

 

Мәдениет саласы

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты  21 мекеме бар.  6 театр: Шымкент қалалық «Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры», «Шымкент қалалық орыс драма театры», «Шымкент қалалық өзбек драма театры», «Шымкент қалалық опера және балет театры», «Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры»,  «Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры», сондай-ақ 6 кітапхана: «Әл-Фараби» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы, «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» (23 филиал),  «Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» (14 филиал), «Шымкент қалалық жасөспірімдер» кітапханасы,   «Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана», «А.С.Пушкин атындағы қалалық әмбебаб» кітапханасы. «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы (10 филиал: 5 мәдениет үйі, 5 клуб),  «Шымкент-цирк»,  «Шым қала» тарихи-мәдени кешені,  «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы», «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы», «Көрме орталығы», «Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі», «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві».

13 бағыттағы нысаналы индикаторлармен жұмыс жасайды (Олар: 3- і үш тілде меңгергендер саны; 2- архив саласы бойынша; 1- көше атауы және 7- мекеменің негізгі көрсеткіштері).

Атап айтсақ ағымдағы жылдың 5 айында:

  • Кітапханаға келуші оқырман саны: 131  мың 958  адамды
  • Театрға келушілер саны: 68 мың 711 адамды
  • Музейге келушілер саны: 6  мың 398  адамды
  • Концерттік ұйымға келушілер саны: 66  мың 630  адамды
  • Циркке келушілер саны: 23  мың 780  адамды       
  • Зоосаябаққа келушілер саны: 76 мың 625 адамды
  • Шым қала кешеніне келушілер саны: 16 мың 093  адамды құрады.  

«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымында 2022 жылдың     5 айында  жалпы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасымен бірге  17  мәдени, ресми көпшілік іс–шаралар ұйымдастырылып, 66 мың 630  адамды  құрады.

 Ал, «Түркістан сарайы» залында және Мәдениет үйіне қарасты 5 клуб, 5 мәдениет үйлерінде  105   көпшілік мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып,     

   16  мың 504  көрерменді қамтыды.

6 кәсіби театрда 426  репертуарлық қойылым өткізіліп, 68 мың 711 (ақылы - 37414, ақысыз - 31097)  көрерменмен  қамтылды.

«Шымкент циркте» 52  қойылым, - 1 турнир,  2 іс – шара (ақысыз) өткізіліп,  23  мың 780 (ақылы- 21530, ақысыз-2250)  көрерменді қамтыды.

«Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында» 1384 экскурсия жүргізіліп,  7  іс-шара ұйымдастырылып,  келушілер саны - 5594  (оның ішінде ақылы- 4538, ақысыз-1056), ал «Shymqala» этноауылды 8 іс - шара өткізіліп, 6980  келушілермен қамтылды. Жалпы  келушілер  саны 12574 адамды құрайды.   

«Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағында» жануар басы 2 мың 590  басты құрайды, жануар түрі–279 , келушілер саны  76  мың 625 адамды құрайды.

5 кітапхана мекемелерінде (37 филиалы бар) .Кітапханада танымдық, тақырыптық,  әдеби  533  іс-шара өткізілді. Келушілер саны 733  мың 544 адамды құрады. Оқырман саны   131  мың 958 адамды, жалпы кітап қоры           1 млн. 684 мың 817 дана, кітап берілімі  1 млн. 905  мың  016 дананы құрайды.

Биылғы жылы жоспарланған 10 кітапханаға модернизация жұмыстары жүргізілді.  Көзі көрмейтін және көзі әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында  балалардың қосымша білім алып, ойнап тынығуына арналған «Baby Books» залы, тынығуға арналған демалыс бұрыштары, музыка тыңдауға, сонымен қатар жаз мезгілде  жанға жайлы кітапхананың ауласында орналасқан «сахна», жазғы кітап сөрелері, ересектер мен балаларға арналған әткеншектер, заманауи капсулалар және «балалар алаңшасы» іске қосылды.

«Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде» жалпы 10  іс-шара өткізілді,оқылған лекция саны-37, эскурсия саны-7, көшпелі  көрме-35, жалпы экспонаттар саны- 16  мың 378, жаңадан қосылған экспонаттар саны- 31.  Жалпы 1 тур өткізілді. Нақты музейге келушілердің саны – 6 мың 398 адамды құрайды (оның ішінде ақылы- 5618, ақысыз-780 адам).

«Шымқала» тарихи – мәдени  кешеніне жаңадан қосылған экспонаттар саны - 65, іс-шара - 10,  экскурсия - 1514, лекция -18,  келушілер саны - 16 мың 093 (ақылы- 3479, ақысыз - 12 614) адамды құрайды (оның ішінде)  ҚР азаматтары – (15 398), шет ел азаматтары – 695).

Жалпы өткізілген іс-шаралар саны:  4167,   Келушілер саны: 920 мың 454.

Документы
Конкурстар
24 апреля 2025
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (директор) бос лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Конкурстар
17 января 2025
"Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" ММ
Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі.
Ақпарат
20 сентября 2024
"Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" ММ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ
Новости
Полезные материалы
Мәдениет саласы
Медиагалерея
События
01 мая
Халықтар достығы, бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған Б.Есенәлиевтің «Ана жүрегі» драмасының онлайн-көрсетілімі
01 июня
Онлайн кездесу кештері мен шеберлік сағаты
26 мая
Цирк өнерінің қыр-сыры
Реализуемые проекты
Конгресс-холл
Перейти
Услуги
Организации
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық орыс драма театры» МКҚК
Шымкент қалалық мәдениет,тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық өзбек драма театры» МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал