№1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

№1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, аурухананың А, Б және С корпустары мен жылу қазандығы, сондай-ақ, зертханасы күрделі жөндеуден өтуде.

Бүгінде жөндеу жұмыстары тек Б корпусында жалғасып жатыр. Аурухананың басқа бөліктерінде жұмыс аяқталып, олар пайдалануға берілген.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.

«Шымкент келбеті»