Мәселен, бүгін Еңбекші ауданында ауқымды тазалық шаралары өтті. Атап айтқанда, №11 шағын ауданда, сондай-ақ, Цементшілер, Орманшы шағын аудандары және Қазығұрт, Қаратөбе, Жұлдыз елді мекендерінің аумақтарында сенбілік өткізілді. Сенбілікке Еңбекші ауданы әкімі аппараты қызметкерлері, “Еңбекші” КММ, “Группа Интеко” ЖШС, тұрғындар және әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері белсене қатысты.
Сенбілік барысында ағаштар мен жасыл-желектерді қырқу, шөп ору, әктеу және қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілді.