Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған "Бірлік" марафоны жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойын кең көлемде атап өту аясында еліміздегі түрлі этностар арасындағы достықты, қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттап, бұқара халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыру болды.
Марафонға 500-ден астам адам қатысты. Оның ішінде Ассамблея өкілдері, қала жастары, түрлі сала қызметкерлері мен қала тұрғындары мен қонақтарынан белсене атсалысты.
Марафон соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар мен естелік медальдар табысталды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
"Бірлік" марафоны – көпұлтты еліміздің ауызбіршілігі мен татулығын көрсететін айқын дәлел. Мұндай шаралар халықты жақындастырып, ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіруге жол ашады.