ШЫМКЕНТЕ ЕРКІН КҮРЕСТЕН БІРІНШІЛІК ӨТТІ

ШЫМКЕНТЕ ЕРКІН КҮРЕСТЕН БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Шымкент қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еркін күрестен біріншілік өтті

2025 жылғы 27-28 сәуір күндері Шымкент қаласындағы «Металлург» спорт кешенінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай белгілі бапкер, елге еңбегі сіңген спорт қайраткері Рысмаханбет Қонысовты еске алуға арналған еркін күрестен алғаш рет ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы қалалық біріншілік өтті.
 
Жарыс 2008-2009 жылы туған жас балуандар арасында өткізіліп, сайысқа жалпы саны 120 жас спортшы қатысты. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады.
Екі күнге созылған дода жоғары деңгейде өтіп, жас балуандар өз шеберліктері мен жігерлерін барынша көрсете білді. Біріншілік қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, диплом және арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жарысқа Рысмаханбет Қонысовтың шәкірттерінің демеушілік етті.
 

Бұл жарыс жас спортшылардың өзара тәжірибе алмасуына, Ұлы Отан соғысындағы ата бабаларымыздың ерлігін насихаттай отырып, жастардың шеберлігін шыңдауға және еркін күрес спортының дамуына үлкен серпін берді. Ұйымдастырушылар мен демеушілер алдағы уақытта бұл турнирді дәстүрлі түрде өткізу жоспарын да атап өтті.