ТАЗА АУЛА АПТАЛЫҒЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

ТАЗА АУЛА АПТАЛЫҒЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Бүгін Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Еңбекші ауданы Ш.Уәлиханов көшесі №200,202, 204 көпқабатты тұрғын үй ауласында «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық тазалық акциясы аясында «Таза аула» апталығында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Еңбекші ауданы әкімі аппараты, «Еңбекші» КММ, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты «Группа Интеко» ЖШС, «Спецавтотранспорт» ЖШС, Шымкент көлік колледжі және белсенді тұрғындарымыз тазалық жұмыстарын атқарды. Тазалық іс-шарасында қоқыс алаңшаларын жуу, шөптерді ору, ағаштарды қырқу, көшелерді тазалау, сыпыру, аялдамаларды жуу, қоқыстарды санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Аталаған іс-шараға арнайы 10 техника, 150-ден астам адам қатысты.

Құрметті аудан тұрғындары!
Қаламыздың тазалығын сақтау – барлық тұрғындардың парызы. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстануға шақырамыз.