Бүгін Шымкентте Жеңістің 80 жылдығына орай "Ерлікке тағзым" акциясы өтуде. Акция аясында қаланың жастары мен қаланың тазалығына жауапты жұмысшылар бірлесе отырып, Жеңіс саябағындағы Сабыр Рахымов ескерткішінің маңын тазалады, абаттандырды.
Сталиннің өзі «темір генерал» деп мойындаған Сабыр Рақымов 1902 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Ол 1945 жылдың наурыз айының 26 күні майдан даласында қаза тапқан.