ШЫМКЕНТТЕ ӨТІП ЖАТҚАН "ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ӨТІП ЖАТҚАН "ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Биыл Ұлы жеңіске - 80 жыл. Осыған орай Шымкентте өтіп жатқан "Ерлікке тағзым" акциясы аясында бірқатар тазалық іс-шаралары қолға алынды. Онда соғысқа қатысқан жауынгерлерге арнап орнатылған ескерткіштер жаны тазаланды.

Солардың бірі қаланың Тәуке хан даңғылы мен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында орналасқан қазақтың батыр перзенті Бауыржан Момышұлының ескерткішінің маңайы тазартылып, ескерткіш жуылды.

Оған шымкенттік белсенді жастар мен тазалыққа жауапты жұмысшылар қатысты.

Бауыржан Момышұлы - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.