Бүгін Шымкентте Жеңістің 80 жылдығына орай "Ерлікке тағзым" акциясы барысында Әл-Фараби ауданының аумағындағы Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан Ә.Молдағұлова ескерткішінің айналасына тазалық жұмыстары жүргізіліп, ескерткіш жуылды. Тазалық жұмыстарына белсенді жастар да қатысты.
Әлия Молдағұлова 18 жасында ерлік жасап, Кеңес Одағының батыры деген ең жоғарғы атаққа ие болды. Осы аз ғана ғұмырында ол ерлікке, қаһармандыққа, өрлікке, намыс пен рухшылдыққа өшпейтін, өлмейтін ескерткіш орнатып кетті.