
Жоспар бойынша биыл Тұран ауданында 35 көшеге ұзындығы 21,1 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы салынады. Қазіргі таңда Құлагер шағын ауданындағы Керімағаш, Құтарыс, Ботақара және Құрсай шағын ауданындағы Ақойман, Балағаш, Ақторы көшелерінде бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жаңа жаяу жүргіншілер жолдары пайдалануға беріледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі