ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА: ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІ САЛЫНУДА

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА: ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІ САЛЫНУДА

Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында теміржол рельстерінен өту барысында көлік кептелістері жиі орын алып, тұрғындардың қатынауына кедергі келтіретін. Өзекті мәселені шешу және тұрғындардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында теміржол өткелінің құрылысы қолға алынды.

Бұл жұмыстар 2024 жылдың қараша айында жасалған мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес жүргізілуде.

Бүгінгі таңда инженерлік желілерді қайта орнату жұмыстары 90%-ға, өткел құрылысы 30%-ға орындалды. Сонымен қатар, тірек қабырғаларын тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.

Биыл қараша айында өткелді көлік қозғалысына ашу жоспарлануда.

Инфрақұрылымдық жоба қаланың жол қозғалысын реттеуге, көлік кептелістерін азайтуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі