ҚАЛА ӘКІМІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

Наурыз мейрамы Астана алаңында «Наурызнама» атты музыкалық-театрландырылған мерекелік қойылымымен басталып, көптеген іс-шаралар өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертті тамашалады.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мерекелік іс-шарада бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, сәбилерге ақ жол тіледі.

Астана алаңында мереке аясында мәдениетіміздің асыл қазынасына айналған киіз үйлер тігіліп, этноауыл жасақталды. Мәдениетіміздің асыл қазынасы саналатын ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихымызды дәріптейтін көрмелер қойылды.
Мерекелік думан барысында ертегі әлемінің кейіпкерлері мен Шымкент цирк әртістері таңғажайып қойылымдар көрсетіп, ұлттық спорт ойындарының сайыстары өтті.

Айта кетсек, кешкі сағат 20.00-де отандық және әлемдік танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт көпшілік назарына ұсынылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі