КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕГІ БАЛКОН ҚҰРЫЛЫСЫН ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҮРГІЗУ ӨМІРІҢІЗГЕ ҚАУІПТІ

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕГІ БАЛКОН ҚҰРЫЛЫСЫН ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҮРГІЗУ ӨМІРІҢІЗГЕ ҚАУІПТІ

Құрметті қала тұрғындары!

Көпқабатты тұрғын үйлерде өз тарапыңыздан балкон құрылыс жұмыстарын жүргізу заңсыз екенін және өз өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін екендігін естеріңізге саламыз. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан шаһарда заңсыз құрылыстарға мониторинг жүргізіліп, заң талаптары сақталмаған жағдайда тиісті шаралар қолданылады. Бүгінде заңсыз құрылыстарды сот шешімімен бұзу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан да азаматтарды құрылыс салу барысында заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі