АРНАУЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОСЫМША ҒИМАРАТЫ САЛЫНУДА

АРНАУЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОСЫМША ҒИМАРАТЫ САЛЫНУДА

Шымкент қаласындағы «№1 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» аумағында 50 орынға арналған қосымша ғимарат құрылысы былтыр маусым айында басталған. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары 55 пайызға аяқталды.

2 қабатты нысанда жатын орын мен арнайы жабдықталған кабинеттер саны артып, 18 жастан асқан психонервологиялық ауытқуы бар адамдарға көрсетілетін қызмет көрсету сапасы жақсарады.

Құрылысты биыл қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі