ЖОСПАР 2025: ҚАРАТАУДА 350 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

ЖОСПАР 2025: ҚАРАТАУДА 350 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

Жоба аясында 15 елді мекендегі 350 көше жарықпен қамтамасыз етіледі. Мақсат — тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру, ауданның эстетикалық келбетін жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеру.

Өтеміс тұрғын алабында - 4, Шапырашты тұрғын алабында - 3, Алтын Орда шағынауданында (бұрынғы «Бозарық» саяжайы) - 22, Мирас шағынауданында -13, Достық тұрғын алабында - 5, Нұртас шағынауданында - 18 көше жарықтандырылады. Сонымен қатар, Қайтпас шағынауданында - 5, Тассай тұрғын алабында - 35, Таскен тұрғын алабында - 16, Тараз, Мирас-2, Шапағат шағынаудандарында - 36 көшеге жарық жүйесі жүргізіледі. Бұдан бөлек, «84 орам» аумағында - 1, Тұран шағынауданында - 1, Сайрам тұрғын алабында - 166, Қызылсу тұрғын алабында - 4 көше жарықпен қамтылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі