Шымкентте №171 А маршрутының сызбасы өзгертіліп, қосымша автобус қосылды. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңадан ашылған №146 мектепке қоғамдық көлікпен қатынауды қамтамасыз ету мақсатында кесте жаңартылды. Маршрутқа қосымша автобус қосылғандықтан, қазіргі уақытта тасымалдаушылар 11 кестемен және 15 минуттық жиілікпен тұрақты түрде қызмет көрсетуде.
Айта кетейік, биыл қаламызда жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын қайта әзірлеу жоспарлануда. Осы жұмыс шеңберінде барлық тұрақты маршруттың сызбалары қайта қаралып, оңтайландырылатын болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі