ЖОСПАР 2025: ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕР ТОЛЫҚ АСФАЛЬТТЕЛЕДІ

ЖОСПАР 2025: ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕР ТОЛЫҚ АСФАЛЬТТЕЛЕДІ

Ауданда ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғылдар мен өткелдер бар. 365 көше - асфальт, 25 көше -тас жол. Жергілікті тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруда биыл 25 көшеге асфальт салынатын болады.

Қала тұрғындарының өтінішін қанағаттандыру үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде 344 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларындағы асфальт жолдары ретке келтіріледі.
Қазіргі таңда аудан аумағындағы 390 көшенің 314-і жарықтандырылған. Биыл 76 көшеге жарықшам бағаналары орнатылып, жыл қортындысымен жарықтандыру көрсеткіші 100%-ды құрайды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі