ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АБАТТАНДЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АБАТТАНДЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Тұран ауданында инфрақұрылымды жақсартуда және елдімекендерді абаттандыруда ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Былтыр 42 көше асфальттеліп, 21,3 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, 33 көшеде ирригация жүйесі орнатылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалағасады. Жыл соңына дейін 23 көшеге 20 шақырым шағал тас төселіп, 59 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, 35 көшеге - 21,1 шақырымға жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады.

Тұран ауданы бойынша 5 көшеге 2,95 шақырым ирригация жүйесі орнатылады. Биыл аудандағы көшелер толық қамтылып, жарықтандыру көрсеткіші 100%-ға жеткізіледі. Арғынбеков, Бәйтереков және Қабылбеков көшелерінде гүлзарлар мен скверлер бой көтереді. Онымен қоса 18 балалар алаңы, 13 балалар және спорт алаңшасы салынып, ортақ пайдаланылатын орындар құру бойынша 2 жоба жүзеге асырылады.