НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

«Қазгидромет» мәліметтері бойынша, 21-нен 22 қаңтарға қараған түні қалада қолайсыз ауа райы (қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар, боран, көктайғақ күтіледі)

Желдің екпіні 25 м/с жетеді, ауа температурасы күрт төмендейді:
22 қаңтар: түнде -4...-6°C дейін,
23 қаңтар: түнде -14...-16°C дейін төмендейді.

Сіздерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз:
Үйден аса қажеттілік болмаса, шықпаңыз.
Қатты жел мен көктайғақ жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қауіпті.
Алыс сапарлардан бас тартыңыз.
Балкондар мен жеке аулаларды бекітіңің.
Сыртта абай болыңыз.


Қар, мұз немесе бұтақтардың құлауынан абай болыңыз.
Жылы киініңіз.
Мүмкіндігінше сыртқа шықпай, үйде, жылы жерде болуға тырысыңыз.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасап, мұқият және сақ болуға шақырамыз.