Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Қаратау ауданында орналасқан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің оқу-өндірістік базасы мен оқу корпусының жұмысымен танысты. Колледж басшылығы білікті маман даярлау мен ауыл шаруашылығы саласында инновациялық жобаларды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ, “Dala Fruit” ЖШС-нің қызметімен танысты. Компания жоғары технологияларды пайдалана отырып, алма өсіру, сақтау және сатумен айналысады. Сондай-ақ бақ шаруашылығы саласындағы әлемдік озық тәжірибені қолданады. Бұл тәжірибе Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін үлгі бола алады.