Тұран ауданында абаттандыру жұмыстары бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылды. Ол бойынша 40 жоба жүзеге асырылды.
Нақтырақ айтар болсақ, өткен жылы Тұран ауданында 34,8 шақырымдық 42 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, 67 көше ағымдағы жөндеуден өтті. Нәтижесінде, асфальттелген көшелер үлесі 80,2%-дан 87,4%-ға жетті.
Ал ауданда барлығы 597 көше бар, соның былтыр 428 көшеге жарықшам орнатылды. Бүгінде жарықтандырылған көшелердің үлесі 42,5%-дан 93%-ға жетті.
Демеушілердің көмегімен 2 демалыс орны ашылды. 30 – балалар ойын алаңшасы, 8 – балалар және спорт алаңшасы, 2 спорт алаңшасы. 6 мекенжайдағы ғимараттарға муралдар салынды.
Биылғы жылы да тұрандықтар үшін жайлы орта қалыптастыру жұмыстары өз жалғасын таба бермек.