ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссияның аясында «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне» арналған іс-шара өтті. Бүгінде комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында тұрақты түрде қызмет атқарып, профилактикалық жұмыстарға басымдық беріп келеді. Отырыста осы бағытта атқарылған жұмыстардың қорытындысы баяндалды.
 
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай қоғам белсенділері қала әкімінің Алғыс хатымен, 30 жылдық мәслихаттың мерейтойы және төсбелгілермен, сондай-ақ департамент басшысының арнайы Алғыс хатымен мараппатталды.
 
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі