«ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

«ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

Аталған бағдарламаға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауаптар тізбегін ұсынамыз:

  1. Депозиттік шоттың болуы міндетті ме?

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінде жинақ шотының (депозиттің) болуы міндетті.

  1. Жалдау шарты қалай және қандай мерзімге түзіледі?

Уәкілетті орган сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай жыл сайынғы жинақтау шегіне жеткен жағдайда (170 АЕК), жыл сайын 3 (үш) жылға дейін ұзарту шартымен 1 (бір) жыл мерзімге шарт жасалады.

  1. Тұрақты тіркеуі 3 жылға толмаған жағдайда өтініш беру мүмкіндігі қалай?

Өтініш берушінің соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркелуі міндетті. Отбасы мүшелері қалада тіркеуде болса жеткілікті.

  1. Құжаттарды қарау тәртібі қандай?

Құжат қабылдау аяқталған соң, құжаттардың толық, сапалы және барлық талаптарға сай тапсырылғаны тексерілетін болады. Құжаттар толық болмаған жағдайда өтініш берушіге хабарлама жолданады. Өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды толықтырады.Құжаттар толықтырылмаған немесе талаптарға сай болмаған жағдайда кері қайтарылады. Конкурсқа өткен құжаттар баллдық жүйе негізінде тұрғын үймен қамтылатын болады.