ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Биыл автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта құру жұмыстары 58,4 шақырымдық 18 нысанда жүргізілуде. Жыл соңына дейін 22,8 шақырым ( 6 нысан) автомобиль жолы пайдалануға беріледі. Орташа жөндеу жұмыстары бойынша:

 

  • 378 көшенің 251,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінді

 

  • 287 көшеде 190,3 шақырым орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа беріледі.

 

Жыл қорытындысымен қала аумағында 453 көшеде, жалпы ұзындығы 286,9 шақырым жолда құрылыс, орташа жөндеу және тегістеу жұмыстары аяқталады. Жолдарды жақсарту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі