5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының төртінші жарыс күні аяқталды. Бүгін спортшылар тоғыз сайыс түрінен сынға түсті. Атап айтқанда, жамбы ату, рowerful nomad – алыптар сайысы, көкпардан жартылай финалдық ойын, дәстүрлі садақ ату, қырғыз күресі алыш, арқан тартыс және асық ату мен тоғызқұмалақ сайысының финалдық кезеңі өтті.
11 қыркүйек күні ипподром маңындағы этноауылда «Жамбы» стиліндегі жамбы ату сайысы өтті. Жарыс жеңімпаздары:
1-орын - ТэРи Гун (Қытай)
2 - орын - Батыр Бексауыт (Қазақстан)
3 - орын Далох Самал (Тайланд)
Сондай-ақ, этноауылда абсолютті салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында рowerful nomad – алыптар сайысының квалификациясы мен финалы болып өтті. Жүлделі орын алғандар:
1 – Азамат Мақұлбеков (Қазақстан)
2 – Реза Гейтаси (Иран)
3 – Денис Вагапов (Ресей)
«Қазанат» ипподромында өткен көкпар сайысында Қазақстан құрамасы Ресей көкпаршыларынан 18:2 есебімен басым түсті. Қазақстандық шабандоздардың келесі қарсыласы – Қырғызстан командасы.
Көкбөрі сайысында Қазақстан мен Түркия, сондай-ақ, Қырғызстан мен Ресей командалары күш сынасты. Алғашқы бәсекеде Қазақтандық спортшылар 15:1 есебімен жеңіске жетсе, екінші сайыста 11: 6 есебімен қырғызстандық шабандоздар озық шықты. Осы екі команда енді финалда бақ сынайды.
«Арғымақ» спорт алаңында дәстүрлі садақ ату жарыстары жалғасуда
Бүгін спортшылар «Жамбы» стиліндегі дәстүрлі садақ атудан сынға түсті. .
Ерлер арасындаға жүлделі орындар:
1.Алин Михай Тудоран (Румыния)
Әйелдер арасында:
2.Хуньине д-р Домокос (Венгрия)
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қырғыз күресі Алыштан ерлер мен әйелдер арасында 6 түрлі салмақ дәрежесі бойынша белдесулер өтті. Бүгін әлемнің 35 елінен 12 салмақ категориясында келген 192 спортшының арасынан ең мықтылар анықталды.
Жеңімпаздар мен жүлделі орындар нәтижесі:
Әйелдер
-55 кг
-60 кг
-65 кг
-70 кг
-75 кг
+75 кг
Ерлер
-60 кг
-70 кг
-80 кг
-90 кг
-100 кг
+100 кг
«Алау» мұзайдыны сарайында арқан тартыс сайысы өтті.
Әйелдер арасында жеңіске жеткен командалар:
1.Ресей
2.Қазақстан
3.Қырғызстан
Ерлер арасында:
1.Ресей
2.Қазақстан
3.Қырғызстан
11 қыркүйек күні «Алау» мұзайдыны сарайында ерлер арасында асық ату және әйелдер арасында бес асық ойындарының финалдық кезеңі болып өтті.
Ерлер арасында асық атудан жеңіске жеткен командалар:
1.Қазақстан
2.Қырғызстан
3.Тәжікстан
Әйел арасында бес асық сайысында жеңіске жеткен командалар:
1.Қазақстан
2.Ресей
3.Моңғолия
«Думан» спорт кешенінде тоғызқұмалақ сайысының финалдық бәсекесі өтті.
Ерлер арасында жеңімпаздар:
Әйелдер арасында:
Жеңімпаз командалар: