2023 жылғы 28 қарашада сағат 20.00 шамасында Шымкент қаласының Тұран ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару барысында қатардағы жауынгер Дінмұхамед Молдажанов бастаған ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери жасағы көшеде қыздың есінен танып қалғанын байқады.
Әскери жасақ кезекшіге болған оқиға туралы дереу баяндағаннан кейін әскери қызметшілер жедел жәрдем шақырды. Әрі қарай, ұландықтар оған алғашқы медициналық көмек көрсете бастады.
Жедел жәрдем келген соң жәбірленуші ауруханаға жеткізілді .
«Патрульдік қызмет атқару барысында біз қоғамдық тәртіпті қадағалап қана қоймай, халыққа көмек көрсетуге тырысамыз. Біз бірінші болып көмекке келуіміз керек. Бұл біздің міндетіміз. Ең бастысы, адамның өміріне қауіп төнбесе болды. Халықтың алғысынан артық ештеңе жоқ», - деп атап өтті әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Дінмұхамед Молдажанов.
Әскери қызметшілердің қырағылығы мен шұғыл әрекеттерінің арқасында қыз өмірін сақтап қалды.
ҚР Ұлттық ұланы
6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі