ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лауазымына Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы тағайындалды.

Нұргүл Ақылбекқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін, «Тұран-Астана» университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - орыс тілі мен әдебиеті, психология, менеджмент.

Еңбек жолының 22 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.

Соңғы жылдары Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі