ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ОРАЙ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ОРАЙ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері Азаматтық қорғаныс басқармасы мен Жедел құтқару жасағы өкілдерімен бірлесе қаладағы Самал-3 шағынауданында орналасқан демалыс орындарының бірінде шомылу маусымына орай түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Онда құтқарушылар суға батқан адамға көрсетілетін алғашқы көмек барысын көрсетті.

Сондай-ақ тұрғындарға судағы қауіпсіздік шаралары қосымша ескертіліп, арнайы жадынамалар таратылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жазғы сауықтыру лагерлерінде де жалғасуда. Төтеншеліктер балаларға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі