ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКШІ ХҚО ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКШІ ХҚО ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАДЫ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты кезекші ХҚО жұмысын қайта жаңдандыру туралы шешім қабылданғанын хабарлайды.
 
Енді Мәделі Қожа көшесі, 1/16 мекенжайында орналасқан ХҚО-ның №1 бөлімі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қаланың қалған ХҚО - лары жұмысын әдеттегі кесте бойынша ДС-ЖМ сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғастырады.
 
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік бажды Homebank және Kaspi қосымшаларындағы QR-код арқылы төлей алады.