«АЗАТ» ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«АЗАТ» ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Шымкент қаласы әкімінің шалғай елді мекендердегі инфрақұрылым мәселелерін жүйелеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгін Қаратау ауданы әкімі Абзал Әліқұлов, Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшылығы және қалалық «Nur Otan» партиясы басшылығы да «Азат» шағынауданы тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында Абзал Шымкентбайұлы шағынауданның тұрғындарының өзекті болып отырған инфрақұрылым мәселелеріне, оның ішінде тасымал және ауыз су, табиғи газ, кәріз жүйесі, сапалы электр жарығымен қамту және жол мен қоғамдық көлік мәселесі бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Сондай-ақ, кездесуге келген сала басшылары да «Азат» шағынауданының инфрақұрылым мәселесін жүйелеу мақсатында атқарылып жатқан және алдағы уақытта шешімін оңтайландыру бойынша жоспарланып отырған жобалар мен жұмыстарға кеңінен тоқталып, тұрғындарға түсіндірді.
Айта кетейік, «Азат» шағынауданына ауыз су жүйелерінің құрылысы бойынша 2020 жылы жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» ЖШС 2020 жылы мамыр айында бастады. Жүйелердің ұзындығы 8,4 км. Қазіргі таңда жұмыстар толық тапсырылды. Бүгінде абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Ал табиғи газ жүйелерінің құрылысы бойынша 2020 жылы №КСК-0001/20 санымен сараптама қорытындысы алынды. Жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «Ынтымақ құрылыс» ЖШС-гі 2020 жылы мамыр айында бастады. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы қыркүйек-қазан айы аяқталады деп жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі