Хабарландыру

Хабарландыру

2021 жылы 15-17 маусым аралығында Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында «Сельское хозяйство – AgroWorld Uzbekistan 2021» 16-шы Халықаралық көрмесін өткізу ұйымдастырылуда.

Аталған көрмеге әлемнің 12 елінен 90-нан астам түрлі компанияларымен қатар Қазақстан Республикасынан да делегация қатысады.

Көрменің екінші күні Өзбекстан Республикасының фермерлер кеңесінің және дехкан шаруашылықтарының қолдауымен дәстүрлі түрде "Фермерлер күні" ұйымдастырылады.

Аталған іс-шара Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі.