ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ АЗИЯНЫҢ АБСОЛЮТТІ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ АЗИЯНЫҢ АБСОЛЮТТІ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов Азия чемпионы атанған Арли Чонтейді марапаттады.
15-25 сәуір аралығында Өзбекстанда өткен Азия чемпионатында жерлесіміз шымкенттік ауыр атлетші 3 жаттығу бойынша да алтын медальге ие болды. Жарысқа әлемнің 25 елінен кіл мықтылар қатысты.
Aрли Чонтей 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, 255 (115+140) кг салмақты көтерді. Бұл жарысқа елімізден 17 адам қатысқан болатын. Алайда, тек Aрли ғана медаль алып келіп, 55 келі салмақта абсолютті чемпион атанды.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі