ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚТАР МЕН КӨШЕ ЖИЕКТЕРІ ТАЗАЛАНУДА

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚТАР МЕН КӨШЕ ЖИЕКТЕРІ ТАЗАЛАНУДА
Шымкент қаласының барлық аудан аумағында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
 
Қаратау ауданы аумағында да бұл жұмыстар ұдайы назарда. Қазіргі таңда аудандағы ирригациялық арықтар мен жиектерді  тазалау жұмыстары атқарылуда. Күнделікті таңғы 5:30-дан бастап орталық көшелерді жуу және көше бойларын тазалау бойынша арнайы техникалар мен жұмысшылар жұмылдырылған. 
Барлық атқарылып жатқан жұмыстарға Қаратау ауданы әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.
 
Қала тазалығы – бәріміз үшін жауапты міндет. Қала тұрғындарын қызметкерлердің еңбегін бағалауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз. 
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі