Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты назарда.
Бүгінде аудан аумағында көше бойын тазалау, ағаштарды әктеу, шөп ору жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта 547 жұмысшы, 53 техника жұмылдырылған.
Сонымен қатар, аудан аумағында жеке тұрғын үйлерден көшеге шығарылып тасталған тас-құм және құрылыс қалдықтары бойынша экологиялық полиция мен Еңбекші ауданы әкімінің қызметкерлері бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі