СЕВАРА НИШАНБАЕВА – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

СЕВАРА НИШАНБАЕВА – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Бішкекте өткен дзюдодан Азия чемпионатында шымкенттік спортшы қола жүлде жеңіп алды. Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Севара Нишанбаева үшінші орынға ие болды.
Жерлесіміз қола жүлдеге таласта Жаңа Зеландия спортшысы Джюстин Бишопты жеңді. Бұл салмақта қытайлық Тонгжуан Ли топ жарса, Джису Ким (Оңтүстік Корея) күміс жүлдеге ие болды. Ал өзбекстандық Нулифар Ермаганбетова жарыстың екінші қоласын иеленді.
Айта кетсек, Қырғыз елінің астанасында 30 елден 215 татами шебері күш сынасты.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі