Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады.
2021 жылы 1 сәуірдегі деректер бойынша 43,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам ОТҚ, 6,5 мыңы – ымдау тілі қызметін, 30,8 мыңы – жеке көмекші қызметін, 12 мыңы – санаторлық-курорттық ем алды. Сондай-ақ, портал арқылы 26,4 мың табысы аз отбасы әлеуметтік топтама алуды рәсімдеді.
Бұдан басқа, жыл басынан бері МАБ арқылы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу бойынша оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 5,3 мың құжат проактивті түрде ресімделді.