«Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу барысында практикалық іс-шаралар өткізілді

«Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу барысында практикалық іс-шаралар өткізілді

Оқу-жаттығу барысында келіп түскен «Тасқын2002» дабылы бойынша су басуға қарсы  қатты жауын-шашын салдарынан Бадам өзеніндегі су деңгейі артты. Су жағадан шықты. Қалыптасқан жағдайдың нәтижесінде Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Жыланбұзган тұрғын алабы учаскесінде өзеннің жағалауы шайылып жатыр. Дәл осы жерде өзен жағалаулары жиі жуылады, ал қатты жауын-шашынмен іргелес тұрғын үйлердің аумағы су астында қалады.

            Үй тұрғындарынан түскен апат дабылы бойынша Шымкент қаласы ТЖД жедел кезекшісі су басқан жерге азаматтық қорғау қызметтерін шақырды, шұғыл әрекет етудің жиынтық жасағы жедел жіберілді. 

            Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Шымкент қаласы полиция департаментімен өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес төтенше жағдай аймағын қоршау және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін су басу орнына Шымкент қаласы полиция департаменті жол-патрульдік полициясы полкінің экипаждары келді.

            "Шымкент қаласының жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына" сәйкес "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің, "Қазселденқорғау" филиалының және коммуналдық-техникалық қызметтің күшімен және арнайы инженерлік техниканың көмегімен Бадам өзенінде суды өткізу қабілетін арттыру үшін арнасын түзету, жағалауды нығайту және өзен түбін терендету жұмыстарын жүзеге асырды. 

            Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының № 6506 әскери бөлімінің күшімен құм салынған қаптармен жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Коммуналдық-техникалық қызмет инертті материалдарды (қаптар, құм) жеткізуді қамтамасыз етеді.  Сонымен қатар, мотопомпа көмегімен су басқан аумақтан су шығарылады. Қала әкімдігінің басшылығымен су басқан үй тұрғындарының жеке мүліктері мен заттарын шығару үшін коммуналдық қызметтердің жүк техникасы тартылды. Тұрғындарды эвакуациялау үшін қалалық автокөлік паркінен автобустары тартылды. Эвакуацияланатын тұрғындар №126 орта мектептің аумағында орналасқан зардап шеккен халықты жинау пунктіне орналастырылады, сондай-ақ үй жануарларын қауіпсіз жерге айдап әкету жүргізіледі.

            "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Шымкент қалалық филиалының және жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетеді.

            Қаланың барлық қызметтерінің жұмылдырылған күштері мен құралдарын нақты және үйлесімді жұмыстары пысықталып, тағы да кез келген төтенше жағдайларға өздерінің дайындығын көрсетті. Оқу-жаттығуға барлығы 26 бірлік техника, жеке құрамнан 125 адам және 16 мотопомпа жұмылдырылды.

 

Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы