ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР СТЕНД АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГІНДЕ ҚОЛА МЕДАЛЬГЕ ИЕ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР СТЕНД АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГІНДЕ ҚОЛА МЕДАЛЬГЕ ИЕ БОЛДЫ
22 ақпан – 05 наурыз аралығында Египеттегі Каир қаласында Стенд атудан Әлем кубогі өтуде. Онда жерлестеріміз де бақ сынауда.
«Скит» жаттығуында қазақстандық спортшы қыздарымыз командалық есепте Шымкент қаласының спортшылары Панарина Ольга мен Насырова Рината және алматылық ару Орынбай Әсем 476 ұпаймен байрақты бесекеде Үндістан командасынан 14 ұпайға озып шығып, нәтижесінде қола медальді жеңіп алды.
Стенд ату спортынан түрлі халықаралық жарыстарда Шымкент қаласы спортшыларының өзіндік орны бар. Бұл жаттықтырушылардың мақсатты әрі сапалы жұмысының нәтижесі екенін көрсетеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі