ШЫМКЕНТ: ҚАЛА АУМАҒЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛУДЕ

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА АУМАҒЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛУДЕ
Шымкент қаласында биыл ветеринария саласында эпизоотияға қарсы іс-шаралар барысында 14  аса жұқпалы ауруларға қарсы 2 079 510 доза екпе егу жоспарланып отыр. Одан бөлек  29 ауруға қарсы 351 565 бас малдан қан сынамасы алынып, диагностикалық зерттеулер жүргізілмек. 
 
Сонымен қатар, қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбековтің мәлімдеуінше, 398 226 бас малды бүрку, тоғыту және 8 656 928 шаршы метр аумақты құрайтын қора-жайларды, буферлік аумақтарды, саябақтар мен гүлзарларды дезинфекциялау секілді энзоотияға қарсы шаралар жылына екі рет көктем-күз мезгілінде жасалады. 
 
Қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою бағытында 40 000 бас қаңғыбас ит-мысық қамтылатын болады. 
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі